28.06.2024, 12:15
Оқиғалар
Алимент төлеуден қашқан тағы бір әке қамауға алынды
Қазіргі уақытта оның қарызы 5 миллион теңгеден асады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен
Қарағанды облысы Шахтинск қаласы прокурорының қаулысының негізінде сот қаскөй борышкерді алимент төлемегені үшін әкімшілік қамауға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кәмелетке толмаған баланың әкесі тұрақты табысы болуына қарамастан, ұзақ уақыт бойы алимент төлеуден жалтарған.
Қазіргі уақытта оның қарызы 5 миллион теңгеден асады. Сот орындаушысы борышкерді хабардар ету, шоттары мен мүлкіне тыйым салу, сондай-ақ өз міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершілікті түсіндіру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдаған.
«Сот актісі орындалды, борышкер қамауға алудың белгіленген мерзімін өтеп жатыр. Борышкерлерді жауапкершілікке тарту жұмыстары жалғасуда», - деп хабарлады прокуратура.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 16:36
Аялдамасынан өтіп кеткен: Астанада ашуға булыққан жолаушы жүргізуші кабинасының әйнегін сындырды