27.04.2020, 13:53
Оқиғалар
Түрік тарапы қазақстандықтарды еліне қайтарудан бас тартты – СІМ
24 сәуірде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Түркияның 160-тан астам азаматы өз еліне оралды
Фото: ашық дереккөзден
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандықтарды Түркиядан қайтару мәселесіне қатысты түсініктеме берді.
«24 сәуірде Turkish Airlines әуекомпаниясының ұшағымен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Түркияның 160-тан астам азаматы өз еліне оралды. Біздің Анкарадағы елшілігіміз қазақстандықтарды Түркиядан осы ұшақпен қайтып әкелу мәселесін алдын ала түрік тарапымен пысықтаған болатын. Алайда, түрік тарапы біздің отандастарымызды аталған ұшаққа отырғызудан бас тартты», - деді Айбек Смадияров.
ҚР Сыртқы істер министрлігі шет елдегі Қазақстан азаматтарының Отанына оралуына көмектесу жұмыстарын жалғастыратынын жеткізді.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
05.11.2026, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды