27.06.2024, 10:16
Оқиғалар
Қонаев қаласында атыс болып, бір жас жігіт қаза тапты
Оқиға туралы ақпарат желіге тараған
Фото: istockphoto.com
Ашық дереккөздер түнде Алматы облысы Қонаев қаласында жас жігіттер арасында атыс болып, 21 жастағы адамның қаза тапқанын жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі қаза тапқандар туралы ақпарат бермесе де фактіні растады.
«Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір қылмыс жасады деген күдікті адамдарды ұстауға бағытталған кешенді іс-шаралар өтіп жатыр. Тергеу жалғасады және облыстық департамент басшылығының жеке бақылауында», - деп хабарлайды Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Кейбір деректерге сүйенсек, қазір осы қылмысты жасады деген күдікпен 1995 жылғы және 1997 жылғы екі адам іздеуге алынған.
Көп оқылған
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
24.08.2026, 15:38
ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді
24.08.2026, 11:48
Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
24.08.2026, 11:40
Ағасы мен қарындасының жанжалы үйдің өртенуімен аяқталды (ВИДЕО)