Таразда 12 миллион теңге бюджет ақшасын жымқырған балабақша басшысы ұсталды

Azattyq Rýhy

Оған қатысты сот үкімі шықты

Таразда 12 миллион теңге бюджет ақшасын жымқырған балабақша басшысы ұсталды
Фото: https://t.me/GenPr/

Тараз қаласының прокуратурасы «РозАль» орталығы» жеке балабақшасы басшылығының 12 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаражат мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген.

«Балабақша басшысы іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражаттарын алған. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаменті істі тергеді», - деп хабарлады прокуратура.

Тараз қаласының №2 соты 14.06.2024 жылғы үкімімен балабақша басшысы тәрбие/оқыту қызметін көрсететін кез келген меншік нысанындағы ұйымдар мен мекемелерде қаржымен байланысты материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға айыру, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.