Солтүстік Қазақстанда 5 жасар бала жоғалып кетті
Бүлдіршін үйден 5 шақырым жерден аман-есен табылды
СҚО полицейлері жоғалған бүлдіршінді үйінен 5 шақырым жерден іздеп тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылының тұрғындары 102 арнасына қоңырау шалып, 5 жасар қызының жоғалғанын хабарлаған. Жоғалған қыздың туғандары төңіректі қарап шыққан, баланы таппаған соң тәртіп сақшыларына жүгінген.
«Аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы дереу іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Ауыл ішін аралау нәтиже бермеген соң, полицейлер іздестіру аумағын кеңейтті. Нәтижесінде жоғалған қыз бала Жезқазған-Петропавл тас жолында Подгорное ауылы бағытында шамамен үйден 5 шақырым жерде табылып, аман-есен ата-анасына қайтарылды», - деп хабарлады полиция.
Бүлдіршіннің жақындары тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.