Алқабидің бірі әлеуметтік желіге шыққан – Бишімбаевтың адвокаты

Темірхан Айжан

Айтуынша, ол «ГиперБорей» каналына жазба қалдырған

Алқабидің бірі әлеуметтік желіге шыққан – Бишімбаевтың адвокаты
Фото: скриншот

Бишімбаевтың қорғаушысы сотта үкім шығаруға қатысқан 4-ші нөмірлі алқабидің әлеуметтік желі қолданушыларымен сөйлескенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Адвокат Ерлан Ғазымжанов аппелляциылық сот отырысында әлеуметтік желіге Имансейітова82 деген аккаунтпен тіркелген алқабидің желі қолданушыларымен байланысқа түсіп, түрлі каналдарға жазылып, ақпарат жинағанын айтты.

Айтуынша, ол «ГиперБорей» каналына жазба қалдырған.

«Мен алқабилер құрамына таңдалдым. Таңдау әділ, ашық өтті деп мәлімдеймін»,- деп жазған Имансейітова82.

Оның пікіріне басқа қолданушылар жауап жаза бастаған.

«Имансейітова түріңді көрсет, Бишімбаевтың әке-шешесі неше доллар төледі, осыдан кейін қалай байып кетер екенсің, Имансейітова шатастырма, әйтпесе Бишімбаевтың қасынан бір-ақ шығасың деген пікірлер қалдырған», - деді Ғазымжанов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.