Өскеменде вейп сатқан кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Azattyq Rýhy

Енді «тыйым салынған» сатушыға қомақты айыппұл салынады немесе қамауға алынады

Өскеменде вейп сатқан кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: istockphoto.com

Өскеменде вейпті сатқаны үшін қала тұрғыны жауапқа тартылуда, деп хабарлайды Аzattyq Rýhy.

20 маусымнан бастап Қазақстанда электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымына тыйым салынды. Оларды өндіру, әкелу, сату және тарату қылмыстық жауапкершілікпен жазаланады.

23 маусымда Өскеменде «бір реттік» деп аталатын (вейптің бір түрі) контактісіз іске асыру фактісі бойынша сотқа дейінгі алғашқы тергеу басталды. Оларды сату әлеуметтік желілерде жарнама орналастыру арқылы жүзеге асырылды, төлем банктік қосымша арқылы қабылданған.

«Сатушыға 200 АЕК (738 400 теңгеге дейін) мөлшерінде айыппұл немесе 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жаза қолданылады», - делінген ақпаратта.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.