24.06.2024, 11:38
Оқиғалар
«Лагерьде балаларды зорлады»: Абай облысының тұрғындарын алаңдатқан ақпарат фейк болып шықты
Полиция хабарламаларға жауап берді
Фото: istockphoto.com
Абай облысы тұрғындарының арасында лагерьде балаларды зорлап, жасырынды деген екі ер адамның фотосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.
«Олар лагерьде балаларды зорлады. Енді Семей жаққа қарай жол тартты, жасырынып отыр. Егер олар пәтер жалдаса, 102-ге жедел хабарлаңыз», - деп жазылған тұрғындар арасында тараған хабарламада.
Алайда, полиция ақпаратты тексеріп, оның жалған екенін анықтады.
«Аталған адамдардың құқық бұзушылық жасауға қатысы бар екендігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», - деп жауап берді ПД.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді