Грекиядағы өртке қазақстандықтардың қатысы бар ма: СІМ жауап берді

Орман өртіне отшашу себеп болған

Грекиядағы өртке қазақстандықтардың қатысы бар ма: СІМ жауап берді
Фото: freepik.com

Грекияда орман өртіне байланысты ұсталған азаматтардың арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы еліміздің сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өткен демалыстарда Грекияда орман өртеніп, жергілікті БАҚ мұны Қазақстан азаматтары жасағанын жарыса жазған еді.

Қазақстан консулы бұл ақпарат жарияланғаннан кейін бірден Грекия билігіне хабарласқан.

«Полицияның мәліметіне сәйкес, ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ және оларға ешқандай да талаптар қойылмаған», - делінген СІМ хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, Грекияда туристер яхтаны жалға алып, отшашу атқан. Сол кезде аралдың бір бөлігі тұтанып, орман өртіне ұласқан. Бірнеше жергілікті БАҚ өртке қазақстандықтардың қатысы барын хабарлады.

Туристер алдымен тілсіз жауды өз күшімен ауыздықтауға тырысқан, бірақ сөндіре алмаған соң, өрт күзетіне хабар беріп, өздері кетіп қалған. Кейінірек Грекия билігі қайықтан отшашу атқан 13 адамды ұстады.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.