24.06.2024, 10:35
Оқиғалар
Помпеиде вандализм жасаған қазақстандық босап шықты
Ол вандализм әрекеті үшін жауап берді
Фото: pompeiisites.org
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жерлесіміздің ұсталғанын растады. Вандализм әрекеті үшін жерлесіміз келген залалды өтейтін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Біздің азамат Италияда тарихи ғимаратқа заңсыз жазу жазғаны үшін ұсталды. Құқық қорғау органдары барлық қажетті рәсімдерді орындағаннан кейін ол босатылды. Осы оқиғаға қатысты сот ісі одан әрі әкімшілік тәртіппен жүргізіледі», - деді Айбек Смадияров.
Айта кетейік, Помпеиде вандализм жасаған қазақстандық турист ұсталған. Жерлесіміз Помпеи археологиялық паркіндегі Цеев үйінің ежелгі қабырғасына «ALI» сөзін жазған. Ер адам келген залалды өтейтін болды.
Көп оқылған
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)