23.06.2024, 07:13
Оқиғалар
Атырауда көлікпен соқтығысқан мопедтің 20 жастағы жүргізушісі қайтыс болды
Жол апатына қатысты тиісті іс құжаттары жинақталып жатыр
Фото: depositphotos.com
Атырауда мопед пен көлік соқтығысып, салдарынан мопедтің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ПД мәліметінше, жол апаты 22 маусымда сағат 23:17 шамасында болған.
«Атырау қаласының маңындағы Водник шағын ауданында орналасқан минимаркеттің тұсында маркасы Kia Sportage автокөлігі мен мопед соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан мопедтің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Көз жұмған марқұмның жасы – 20-да», - делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері аталған жол-көлік оқиғасына қатысты тиісті іс құжаттарын жинақтап жатыр.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
