Бурабайға демалуға барған 14 бала астан уланған

Azattyq Rýhy

Балаларға дереу медициналық көмек көрсетілді

Бурабайға демалуға барған 14 бала астан уланған
Фото: depositphotos.com

Бурабай ауданына демалуға келген 14 бала улану белгілерімен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Авиценна — Бурабай» ЖШС директоры Евгений Бекаевтың мәліметінше, 22 маусым күні сағат 01.00-ден таңғы 06.15-ке дейін 8-17 жас аралығындағы 14 бала аурухананың қабылдау бөлмесіне жүгінген.  

«Балаларға жүргізілген сауалнама барысында олардың 20 маусымда келгені және 22 маусымда кететіні анықталды. Сапардың мақсаты – жеке демалыс. 21 маусым күні таңғы ас ішкеннен кейін (барлық балалар әртүрлі тамақ жеген: қуырылған ет пен картоп, борщ, сырник және т. б.) улану белгілері пайда болған, бірақ балалар кешке қарай ғана медициналық көмекке жүгінген. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін екі-үш баладан біртіндеп ауруханаға түсе бастады», - деп түсіндірді Евгений Бекаев. 

Балаларға дереу медициналық көмек көрсетілді.

12 баланың асқазанын жуып, үш балаға инфузиялық терапия жасалды.

Бүкіл 14 баладан сынама алынды. Сондай-ақ, құсуға қарсы инъекция мен спазмолитик  берілді.

«Балалардың көбі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін бірден кетсе, қалғаны дәрігерлердің бақылауынан кейін ауруханадан шықты», - деп толықтырды бас дәрігер. 

Дәрігерлер улану дерегі бойынша шұғыл хабарламаны Бурабай ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолдады. 

Ендігі кезекте санитарлық дәрігерлер тексеруі керек.

Балалар тұрып жатқан қонақ үйдің иесі бұл жерде тамақ берілмейтінін еске салды. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.