Астанада 21 жастағы қыз туыстарын тонаған

Azattyq Rýhy

Ол сейфтен зергерлік бұйымдарды ұрлап ломбардқа өткізген

Астанада 21 жастағы қыз туыстарын тонаған
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

Елордада бойжеткен сейфтен зергерлік бұйымдарды ұрлап, басқа қалаға кетіп қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы ауданы полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлыққа жәбірленушінің туысқанының қатысы бар екенін анықтады.

Тергеу барысында 21 жастағы қыздың туыстарының үйінде уақытша тұрып жатқаны және сейфтің кілттерінің қайда орналасқанын білетіні белгілі болды.

Қожайындарының жоқтығын пайдаланған күдікті шамамен 3 миллион теңгенің зергерлік бұйымдарын алып «ізін суытқан». Ол ұрланған заттарды ломбардқа тапсырып, басқа қалаға кетіп те үлгерген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Айғақты заттар алынды. Оның елордада бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.