$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үндістанда контрафактілік ішімдікке уланған 29 адам көз жұмды

Тағы 45 адам ауруханада жатыр

Үндістанда контрафактілік ішімдікке уланған 29 адам көз жұмды
фото: www.istockphoto.com

Үндістанның оңтүстігіндегі Тамилнад штатында контрафактілік ішімдіктен ішіп, уланғандардың саны 12 адамнан 29 адамға дейін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы журналистерге Каллакуричи округінің басшысы М. Прашантх мәлімдеді.

«Каллакуричиде заңсыз алкогольді тұтыну салдарынан қаза тапқандар саны 29 адамға жетті», - деді ол.

Ауруханаларда шамамен тағы 45 адам жатыр.

Синьхуа хабарлағандай, жәбірленушілердің көпшілігін сейсенбі күні кешке алкогольдік ішімдіктерді ішкен жұмысшылар болып шықты.

Сәрсенбі күні таңертең оларда көру қабілеті жоғалып, құсу және бас ауруы сияқты белгілер пайда бола бастаған. Зардап шеккендер үш түрлі округтегі мемлекеттік ауруханаларға жатқызылды. Штат үкіметі ең жақсы емдеуді қамтамасыз ету үшін шұғыл түрде арнайы медициналық топтарды жіберді.

Серіктес жаңалықтары