Түркістанда көлік ішінде есірткі қолданған ер адам ұсталды

Azattyq Rýhy

Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Түркістанда көлік ішінде есірткі қолданған ер адам ұсталды
Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Түркістан қаласында көлік ішінде есірткі қолданған ер адам ұсталды. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға Түркістан қаласының орталық көшелерінің бірінде болды. Көлік ішінде отырған ер адамның темекі ретінде белгісіз шөпті әзірлеп жатқаны бейнекамераға түсіп қалған. Күдікті әрекетті байқаған полиция қызметкерлері көлікті тексеру үшін жақын маңдағы полиция қызметкерлеріне бағыт берген. Оқиға орнында тексеру жүргізген полицейлер жүргізушінің «марихуана» есірткісін заңсыз сақтағанын анықтады. 

Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Облыстық жедел басқару орталығының инспекторлары қоғамның тыныштығын тәулік бойы күзетіп келеді. Бейнебақылау камералары арқылы қылмыстың алдын алуда жүйелі жұмыс істеп жатыр. Мәселен, бейнекамера арқылы түнгі уақытта заңмен тыйым салынған затты қолдану дерегінің жолын кесті. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады», - делінген ұсынған ақпаратта.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.