$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.06.2024, 15:47
Оқиғалар

Елордада Қазақстан-Корея бизнес форумы басталды

Шараға екі елдің бизнес өкілдері қатысып жатыр

Елордада Қазақстан-Корея бизнес форумы басталды
Фото: gov.kz

Қазақстан-Корея іскерлік кеңесі Оңтүстік Корея ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен бизнес форум форматында өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шараға екі елдің бизнес өкілдері қатысып жатыр. 

2010 жылы құрылған Қазақстан-Корея Іскерлік кеңесі екі елдің өзара қарым-қатынастарды дамытумен айналысады.

 

Алдын ала мәліметтер бойынша, форумға екі елдің мемлекет басшылары, сондай-ақ іскерлік кеңестің тең төрағасы ретінде «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен Кореяның халықаралық сауда қауымдастығының төрағасы Джин Сик Юн қатысады.

Пленарлық отырыс барысында Hyundai Motor Russia&CIS өңірлік штабы басшысының орынбасары Им Дже У, «Astana Motors» компаниясының бас директоры Бекнұр Несіпбаев, Doosan Enerbility вице-президенті Янг Юн Хо, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов және басқа да ірі компаниялардың басшылығы баяндама жасайды.

Беснес-форум соңында бірқатар коммерциялық құжатқа қол қою жоспарланған.

 

Серіктес жаңалықтары