11.06.2024, 00:30
Оқиғалар
Өскеменде бесінші қабаттың терезесінен секірмек болған ер адам құтқарылды
Ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды
Бейнеден кадр
Өскеменде ТЖМ қызметкерлері 5-қабаттың терезесінен секірмек болған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, 2003 жылы туған ер адам 5-қабаттың терезесінде отырғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген құтқарушылар шатырдан түсіп, адамның құлап кетуіне жол бермеу туралы шешім қабылдады.
Альпинистік жабдықтың көмегімен құтқарушы Аслан Советов ер адам үшін күтпеген жерден терезеге түсіп, оны пәтердің ішіне қарай итеріп жіберді. Ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Көп оқылған
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге қарызы бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
23.11.2026, 23:47
Ақтөбелік әйел қытайлық күйеу жігітін алдап 30 миллион теңге мен алтын алған: полиция істі тоқтатты
23.11.2026, 13:08
«Көз жасымды ұстай алмадым»: анасын іздеген белгиялық Жәнібек туған шешесінің хатын алған
23.11.2026, 15:20
Қызылодада мас ер адам қыздарды қорғаған жас жігітті пышақтап тастады
23.11.2026, 18:45
Домбыраны өз бетінше үйренген чилилік Мария Аргентина Муниос
