Адам төзгісіз қорлық көрген жетімдер Смановтың уысынан қалай құтылып шықты?
Әзірге тек мектеп қызметкерлері жауапкершілікке тартылған
Асыранды балаларын хайуанның етімен қоректендірген емшінің үйін тиісті органдар 2021, 2023 жылдары тексерген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Шымкент қалалық білім басқармасының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің қызметкерлері 2021 жылдың сәуір және маусым айларында және 2023 жылдың қыркүйек айында тексеріс жүрігізіп, тұрмыс жағдайын бақылаған», - делінген хабарламада.
Алайда арада 5-ақ ай өткенде 2024 жылғы 12 ақпанда алты баланың ішіндегі үлкені №2 өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына хабарласып, өгей әкенің қорлығын көріп жүргенін айтады.
13 ақпанда балаларды тиісті органдардың өкілдері Смановтар отбасынан алып кеткен. Балалардың үлкені 16 жаста, ол мектепте оқыған.
«Шымкент қаласының Білім басқармасына қарасты №95 жалпы орта білім беретін мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен сынып жетекшісіне ескерту, мектептің педагог психологы мен әлеуметтік педагогына сөгіс тәртіптік шара берілді», - деді қалалық басқармадан.
Бұған дейін жетім балаларды жылдар бойы қорлап, мысықтың еті мен зәрін берген Ұлықбек Смановтың 6 баланы қалай және қайдан асырап алғаны туралы егжей-тегжейлі жазған едік.