04.06.2024, 17:11
Оқиғалар
Салтанат Нүкенованың ағасына қарсы қылмыстық іс қозғалды – Ертісбаев
Бұл туралы саясаткер Ермұхамет Ертісбаев мәлімдеді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен
Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы саясаткер, Қазақстан халықтық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев мәлімдеді.
«Өткен аптада Айтбекке қатысты жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық іс қозғалды», - деді Ермұхамет Ертісбаев.
Еске сала кетсек, 13 мамырда алқабилер ұлттық экономика бұрынғы министрі Қуандық Бишімбаевты аса қатыгездікпен әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтірді деген айыппен 24 жылға бас бостандығынан айырды.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
