Алматы облысында қарияның көлігін ұрлап кеткен жігіт ұсталды

Azattyq Rýhy

Ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Алматы облысында қарияның көлігін ұрлап кеткен жігіт ұсталды
Фото: polisia.kz

Алматы облысында қарияның көлігін ұрлап кеткен жігіт ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

28 мамырда Қарасай аудандық полиция басқармасына Toyota Camry автокөлігін айдап кеткені туралы Жалпақсай ауылының 76 жастағы тұрғыны арызданды. Қаскүнем көлікті түннің бір уақытында ұрлап кеткені анықталды.

«Хабар алғаннан кейін полицейлер дереу іздестіру шараларына кірісіп, ұрланған автокөліктің ықтимал қозғалыс маршруттарын және күдіктінің жеке басын анықтау бойынша қажетті іс-шаралар өткізді. Өңірдің барлық қызметтері мен көршілес департаменттерге автокөлікті және айдап әкету жағдайларын егжей-тегжейлі сипаттайтын бағдарлар жіберілді», – деп атап өтті Қарасай АПБ бастығы Елзат Қанатұлы.

Күдіктіні патрульдік полиция батальонының қызметкерлері байқап, аймақтың автожолдарының бірінде ұстады.

«Қызметкерлердің бірлесіп атқарған жұмысы мен қызметтер арасында жедел ақпарат алмасудың арқасында біз күдіктіні тауып, ұстадық. Ұрланған көлікті 27 жастағы Қаскелең тұрғыны басқарған. Құқық бұзушы ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді», – деп толықтырды Алматы облысы ПД ППБ командирі Дархан Байшоинов.

Қазіргі уақытта ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.