Air Astana бортында жолаушылар есінен танып қалған: компания түсініктеме берді
Кейбір жолаушы есікті өз күштерімен ашуға тырысқан
Air Astana авиакомпаниясының жолаушылары жабық ұшақта бір жарым сағат бойы жарықсыз және кондиционерсіз отырып, тұншығып, бір адам есінен танып қалған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2 маусымда сағат 16.50-де FlyArystan борты «Астана-Алматы» бағыты бойынша ұшуы тиіс еді, алайда рейс бір сағат кешіккен. Кейін ұшақ Air Astana әуекомпаниясының бортына ауыстырылған.
Air Astana авиакомпаниясы жағдайды түсіндіріп, авиация бұл әуе компаниясы мен әуежайлардың әртүрлі қызметтерінің жұмысына байланысты болатын іс-қимылдар мен рәсімдердің күрделі кешені екенін түсіндірді.
«2 маусымда «Астана-Алматы» бағыты бойынша рейсті Flyarystan лоукостерінің KC 7332 рейсін Air Astana әуекомпаниясы орындағанын түсіндіреміз. Ұшақ Алматыға сағат 19.30-да кідіріспен ұшып келді. Ұшақ тұраққа кіргеннен кейін экипаж жолаушыларды түсіру үшін баспалдақ күтуге мәжбүр болды. Трап берудің кешігуі әуежайға келетін рейстерге қызмет көрсету кезегіне байланысты болды», - деп түсіндірді компания.
Күту кезінде ұшқыштар мен бортсеріктер жолаушыларды траптың кешігуі туралы хабардар етті, сонымен қатар ұшақ бортында су таратылды.
«Өкінішке қарай, техникалық себептермен бортта кондиционер жұмыс істемеді және бір әйел өзін нашар сезінді. Стюардесса жолаушының жағдайын жақсарту үшін оған су мен оттегі баллонын әкелді. Бірнеше адам ұшақтың есігін ашуға тырысты. Экипаж мүшелері қауіпсіздік ережелеріне сәйкес қтрап келгенге дейін есіктерді ашуға болмайтынын түсіндірді. Алайда жолаушылардың бірі ескертулерге қарамастан, қорғаныс қақпағын тастап, есіктің тұтқасын көтерді. Сағат 20.15-те траппен көлік келді, сонымен қатар LIBD қызметкерлері жетті», - делінген хабарламада.
Air Astana авиакомпаниялар тобы KC 7332 рейсінің жолаушыларынан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады. Әуе компаниясы мен әуежай қызметтері ішкі тексеру жүргізілетін болды.