Елімізге шетелден әкелінген 60 тоннадан астам қызанақтан вирус анықталды

Azattyq Rýhy

Түрікменстанның 56,1 тонна, Өзбекстанның 4,2 тонна қызанақ өнімі кері қайтарылды

Елімізге шетелден әкелінген 60 тоннадан астам қызанақтан вирус анықталды
Фото: freepik.com

Шетелден әкелінген 60 тонна қызанақтан вирус табылып, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің мәліметінше, биыл шет мемлекеттерден жалпы 1075 автокөлікке тиелген 15 637,802 тонна қызанақ өнімі импортталған. Олардың ішінде фитосанитариялық талапқа (фитосанитариялық сертификаттың, таңбаның болмауы) сәйкес келмейтін 29,522 тонна қызанақ өнімдері кері қайтарылған.

Өнімнің жасырын залалдануын анықтау мақсатында, шет елден әкелінген қызанақ, баялды, тәтті бұрыш өнімдерінің әрбір партиясы тиісті карантиндік фитосанитариялық сараптамадан (ПТР) өткізіледі.

Нәтижесінде Түрікменстанның 56,1 тонна, Өзбекстанның 4,2 тонна қызанақ өнімдерінен «қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы» анықталған. Оларды кіргізуге тыйым салынып, кері қайтарылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.