Тағы 16 адам тіркелді: Қазақстанда 2207 адам коронавирус жұқтырған

23 сәуірдегі сағат 12:20 бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 16 адам тіркелді, оның ішінде: Павлодар облысында - 7, Қызылорда облысында - 1, Алматы облысында - 3, Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Шымкент қаласында - 2, Түркістан облысында - 1, Алматы қаласында 1 адам бар, деп хабарлады coronavirus2020.kz сайты.

Қазіргі таңда елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 2207 адамға жетті.

«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 422 адам, Алматы қаласында – 736 адам, Қарағанды облысында - 102 адам, Ақмола облысында - 83 адам, Атырау облысында - 82 адам, Жамбыл облысында - 79 адам, Шымкент қаласында - 133 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 15 адам, Алматы облысында - 65 адам, Ақтөбе облысында - 34 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 30 адам, Павлодар облысында - 50 адам, Маңғыстау облысында - 19 адам, Қызылорда облысында - 158 адам, Батыс Қазақстан облысында - 86 адам, Түркістан облысында - 77 адам, Қостанай облысында - 36 адам, жалпы 2207 науқас тіркелді», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.