Түркістан облысында жаңа туған сәби коронавирус жұқтырған

Өңірде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 74-ке жетті

23 сәуірдегі мәліметке сәйкес, Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны тағы да 7 азаматпен толығып, облыста жалпы 74 науқас тіркелді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, Созақ ауданы Таукент ауылының 1980 жылғы тұрғынынан коронавирус инфекциясы расталды. Ол Ресей Федерациясынан 15 сәуірде Қарағанды қаласына келіп, ары қарай Алматы қаласына барған. 21 сәуір күні Алматыдан Созақ ауданына келген.

«Сондай-ақ, Созақ ауданы Созақ ауылының 1992 жылғы тұрғыны мен осы ауданның Құмкент ауылында 2020 жылы туған сәбидің COVID-19 індетіне шалдыққаны белгілі болды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Түркістан қаласының 1983, 1990, 1992, 1997 жылғы тұрғындарынан да вирус анықталды.

Аталған азаматтар коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен жақын байланыста болған.

Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.

Қазіргі таңда облыс бойынша Жетісай ауданында – 20 адам тіркелген (оның ішінде 1956 жылғы азамат 4 сәуір күні қайтыс болды).

Арыс ауданында -17, Кентауда - 6, Мақтаралда - 4, Ордабасыда - 4, Сайрамда - 3, Сарыағаш ауданында - 5, Түркістан қаласында - 6, Созақ ауданында – 5, Бәйдібек ауданы мен Қазығұрт ауданында 2 науқастан анықталды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.