Германия мен Италияда қатты жауған жаңбырдың арты су тасқынына ұласты
Табиғи апат салдарынан Италияда үш адам жоғалып кетті

Қатты жаңбыр Германияның оңтүстігінде және Италияның солтүстігінде су тасқынын тудырды. Италияда үш адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап.
Оңтүстік Германияның кейбір аймақтарында су тасқыны туралы ескерту жарияланды, судың көтерілуінің ең жоғары деңгейі Батыс Швабияда, Жоғарғы Аллгойда және жоғарғы Баварияда байқалады.
Аугсбургте қатты жаңбыр мен су деңгейінің көтерілуіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Алдағы сағаттарда су деңгейі күрт көтеріледі деп күтілуде.
Боден көлінің ауданында су тасқыны қаупі бар. Меккенбойренде, Баден-Вюртембергте 1300-ге жуық адамға эвакуациялау ұсынылды.
Италияда жергілікті БАҚ жұма күні елдің солтүстік-шығысындағы Натисоне өзенінің тасқыны салдарынан үш адам жоғалып кетті деп хабарлайды.
Оларды іздеу жұмыстары жүргізілуде.