02.06.2024, 06:52
Оқиғалар
ШҚО-да көлік жүргізушісі жеке тұрғын үйдің қоршауын соғып, оқиға орнынан қашып кетті
Жүргізушіге 129 220 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды
Шығыс Қазақстан облысында автокөлік жүргізушісі жеке үйдің қоршауын соғып, оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Катонқарағай аудандық сотының хабарлауынша, оқиға "Үлкен Нарын" кентінде тіркелген.
Жергілікті тұрғын өз көлігін басқарып, жеке үйдің қоршауына соғылып, артынша оқиға орнынан қашып кеткен.
Сот жергілікті тұрғынға 129 220 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.
Көп оқылған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды