$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.06.2024, 06:36
Оқиғалар

Ақтауда 10 жастағы баланы жеңіл көлік қағып кетті

Автокөлік айып тұрағына қойылды

Ақтауда 10 жастағы баланы жеңіл көлік қағып кетті
Видеодан алынған кадр

Ақтауда 10 жастағы бала автокөліктің астына түсті. Ол жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Апат 29 мамырда 19-шағын ауданға қарама-қарсы бетте болған.

Шамамен сағат 9:20-да «102» кезекші пультіне жол-көлік оқиғасы туралы қоңырау келіп түсті. Көлік жүргізушісі жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті.

«2014 жылы туған бала балалар ауруханасына жеткізілді. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабы бойынша (Көлік құралдарын жүргізушілердің жол жүрісі қағидаларын бұзуы, адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан іс-әрекет) әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Оқиға орнынан түсірілген видео желіде пайда болды.

Серіктес жаңалықтары