29.05.2024, 10:07
Оқиғалар
Қызылорда облысында алабай ит баланы талап тастай жаздады (ВИДЕО)
Бүлдіршіннің денесінде ит тырнағының іздері қалған
Фото: видеодан скриншот
Қызылорда облысында алабай ит көшеде кетіп бара жатқан баланы талап тастай жаздаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оқыс оқиғаны байқаған ересектер итті қуып, баланы құтқарып қалған. Шошып қалған баланың денесінде ит тырнағының іздері бар.
Оқиға 28 мамыр күні Қызылжарма ауылында болған. Видеода қорқып кеткен баланың басын қолымен жауып жерде жатқанын көруге болады. Баланы ересектер құтқарып қалған.
Әзірге Қызылорда облысының ветеринария басқармасы аталған жағдайға қатысты түсінік бермеді.
Көп оқылған
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге қарызы бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
23.11.2026, 13:08
«Көз жасымды ұстай алмадым»: анасын іздеген белгиялық Жәнібек туған шешесінің хатын алған
23.11.2026, 23:47
Ақтөбелік әйел қытайлық күйеу жігітін алдап 30 миллион теңге мен алтын алған: полиция істі тоқтатты
23.11.2026, 15:20
Қызылодада мас ер адам қыздарды қорғаған жас жігітті пышақтап тастады
23.11.2026, 18:45
Домбыраны өз бетінше үйренген чилилік Мария Аргентина Муниос
