28.05.2024, 17:11
Оқиғалар
Алматы облысында барымташылар ұсталды
Зардап шеккендер шамамен 5 млн теңге шығынға батқан
Фото: polisia.kz
24-26 мамыр аралығында Алматы облысында мал ұрлығының алдын алу мақсатында «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық операциясы орындалды.
Облыстық Полиция департаменті КПБ басшысы Руслан Смағұловтың айтуынша, криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Жамбыл АПБ жедел уәкілдерімен бірігіп, Жамбыл және Қарасай аудандарында мал ұрлығымен айналысқан екі барымташыдан тұратын топты қолға түсірді. Қазір олардың мал ұрлығына қатысты бес факт дәлелденді. Зардап шеккендердің жалпы шығыны шамамен 5 млн теңге болды.
Күдіктілер УҰИ-на қамалды. Ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады