Алматыда 500-ден астам жолаушының «BEK AIR» үстінен жазған арызы сотта қаралды
Олар билет ақшасын қайтара алмағандар
Алматы қаласы Түркісіб аудандық сотында «BEK AIR» компаниясынан билет құнын қайтарып алу туралы жазылған арыздар қарала бастады. Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті 560 қазақстандықтың атынан талап арыз берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот отырысы онлайн тәртібінде өтіп жатыр. Бейнеконференцияда қоғамдық ұйым өкілдері әуе компаниясынан 1 070 билеттің 37 млн теңгеге сатып алынғанын айтқан. Арыз беруші соттан кәсіпорын осы қаражатты жолаушыларға қайтарып беруге міндетті дейді. Сотта белгілі болғандай тұтынушылар тарапынан әлі де арыздар түсіп жатыр. Жолаушылардың құқығын қорғайтын комитет өкілдері билет құнын талап етушілер одан да көп болатынына сенімді.
Оқи отырыңыз: Талғар соты Bek Аir-дің үй иесіне қарсы талап арызын қараусыз қалдырды
«Талапкер- ҚР Сауда және интеграция министрлігі жанындағы Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті. Адамдар осы комитетке жүгінген. Түркісіб аудандық сотының судьясы Меңлібаева (судья Әлия Меңлібаева- авт.) билет үшін төленген ақшаны қайта өндіру туралы арызды қарап жатыр».- деді қалалық соттың баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын.
Оқт отырыңыз: Авиация комитеті «Бек Эйрдің» жұмыстан шығарылған қызметкерлеріне көмектеседі
«BEK AIR» компаниясы 27 желтоқсан 2019 жылы әуе апатынан кейін жолаушыларға билеттердің ақшасын қайтара алмады. Компания ұшуға тыйым салынған әуе рейстерінен кейін қаржылық қиындықтарға тап болғанын мәлімдеген еді. Алайда 17 сәуірді Азаматтық авиация комтеті әуе мекемесінің сертификатын қайтарып алды. БАҚ беттерінде «BEK AIR» компаниясының жолаушыларға 300 млн теңге көлемінде билет үшін қарыз екені жазылған болатын.
Ришат Асқарбекұлы, Алматы