27.05.2024, 17:20
Оқиғалар
Назарбаев зияткерлік мектебінің пышақталған оқушысы есін жиды
Науқас реанимациядан хирургиялық бөлімге ауыстырылды
Фото: istockphoto.com
Пышақпен шабуыл жасалған Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы есін жиды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасай отырып.
Пышақ жарақатын алған 18 жастағы қыздың жағдайы тұрақты деп бағаланды.
«Науқас реанимациядан хирургиялық бөлімге ауыстырылды. Жағдайы тұрақты, есін біледі», - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.
2024 жылдың 26 мамырында елордадағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы көптеген пышақ жарақатымен ауруханаға түскені белгілі болды. Есіл аудандық полиция бөлімі адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлады.
Көп оқылған
22.11.2026, 08:33
Елордада тұмау жұқтырғандар көбейді: науқастар арасында балалар мен жүкті әйелдер бар
22.11.2026, 16:07
23 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге, өзімнің 4 млн теңге қарызым бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
22.11.2026, 10:40
Ақтөбе облысында көліктің барлық түрі үшін жол ашылды
22.11.2026, 13:15
СҚО-да жабылған тасжолдардағы қозғалыс қайта ашылды
