27.05.2024, 06:34
Оқиғалар
Қостанай облысында бір тәулікте үш көлік өртенді
Өрт сөндірушілер қызыл жалынды дер кезінде ауыздықтады
Бейнеден кадр
Қостанай облысында бір тәулікте үш көлік өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, кеше өңірде үш жеңіл көліктің жануы орын алды.
Бірінші оқиға Қостанай қаласындағы гараж кооперативінің аумағында болды. Құтқарушылардың күшімен өрттің басқа автомобильдерге таралуына жол берілмеді.
Екінші оқиға Арқалықта орын алды. Құтқарушылар өртті шақырылған сәттен бастап 14 минут ішінде сөндірді.
Түнде Меңдіқара ауданы Боровское ауылынан 15 шақырым жерде Республикалық маңызы бар «Қостанай-Мамлютка» тас жолында автокөлік өртенді.
Өрт сөндірушілер оқиға туралы хабарланған сәттен бастап 28 минут ішінде өртті жойды.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр