22.05.2024, 16:07
Оқиғалар
Шымкент тұрғыны жолда келе жатып марихуана шеккен
Полиция қызметкерлері оның әрекетін көшедегі бейнекамералардан байқаған
видеодан скриншот
Шымкент қаласында көшедегі бейнекамераларды бақылайтын инспекторлар көлігінде отырып, есірткі шегіп, ары қарай қалада жүре берген жігітті анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Патрульдік полиция инспекторлардың ақпаратына сүйене отырып, Kia Rio автокөлігін тоқтатқан. Көлік тізгініндегі ер адам масаң күйде отырған.
«Жүргізуші автотұрақтардың біріне тоқтап, есірткі шегіп алады да ары қарай көлікпен жүре берген. Медициналық сараптама ер азаматтың есірткіге мас екенін растаған. Заң бұзған жігіт 15 тәулікке қамалды», - деп хабарлайды polisia.kz ресурсы.
Сонымен қатар, ол 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны хабарланып отыр
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы