19.05.2024, 23:37
Оқиғалар
Атырау облысында жол апатынан бүлдіршін көз жұмды
Бала Индер аудандық ауруханасына жеткізу кезінде жолда көз жұмған
Фото: istockphoto.com
18 мамыр күні сағат 15. 25 шамасында Индер ауданы Бөдене ауылында ЖКО салдарынан бір оқушы қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақжайыққа сілтеме жасап.
Оқиға С. Датов көшесінде орын алған. 2008 жылы туған жасөспірім GS 200 маркалы мотоциклмен жаяу жүргінші 2016 жылы туған 1 сынып оқушысын қағып кеткен.
Салдарынан ауыр жарақат алған бала Индер аудандық ауруханасына жеткізу кезінде жолда көз жұмған.
Жасөспірімге бұдан бұрын наурыз айында мотокөлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарғаны үшін ӘҚТтК-нің 612, 593 баптарымен әкімшілік хаттама жасақталған болатын.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы