Рүстем Жүгінісов 4 әйел алатынын жария етті (ВИДЕО)

Темірхан Айжан

Оның ойынша, ерлердің 95 пайызы көп әйелге үйленгісі келеді

Рүстем Жүгінісов 4 әйел алатынын жария етті (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Бұрынғы әнші Рүстем Жүгінісов Instagram парақшасында 4 әйел алуды жоспарлап жүргенін айтып, ерлерді көп әйел алуға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның ойынша, Қазақстандағы әр ер адам көп әйелге үйленгісі келеді.

«Еркектердің 95 пайызы көп әйел алғысы келеді. Оның ішінде өзім де бармын. Қалған 5 пайызы бір әйелім жетеді деп жүргендер, көп әйел алуға әлі дайын емеспін деп ойлап жүргендер де бар шығар. Әр еркек көп әйел алғысы келеді деп ойлаймын. Мен 4 әйел алғым келеді», - деді ол.

Айта кетейік, президент Тоқаев Атырау облысында өткен Ұлттық Құрылтайда көп әйел алушылықты насихаттайтындарды қатаң сынаған.

«Елімізде қыз алып қашуды, көп әйел алуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндер бар. Бұл – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті, масқара тірлік. Өркениетті қоғамда әр азаматтың абыройы, құқығы және бостандығы баға жетпес құндылық болуы керек. Сондықтан мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерді қатаң сынға алу жеткіліксіз. Оған құқықтық баға беріліп, біржола тосқауыл қойылуға тиіс», - деген болатын мемлекет басшысы.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.