21.04.2020, 05:15
Оқиғалар
Екібастұзда пиццаға түкірген курьер видеоға түсіп қалған
Полиция оқиғаға қатысты тексеру жүргізді
Әлеуметтік желіде лифтіге мінген соң курьер жігіттің қолындағы пиццаның бетін ашып, оған түкірген сәтінің видеосы жарияланды, деп хабарлайды КТК.
Полиция бұл видеоға қатысты тексеру жүргізді. Оқиға Екібастұз қаласында 16 сәуірде болған. Полиция қызметкерлері пицца жеткізетін курьерді анықтады. Ол 19 жастағы Екібастұз қаласының тұрғыны болып шықты. Құқық бұзушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 6-бабының 476-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, Екібастұз қаласының мамандандырылған сотына жіберілді. Курьерге қатысты тапсырыс берушіден арыз түскен жоқ. Осы оқиғадан кейін пицца жеткізуші бозбала жұмысынан босатылды.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат