03.05.2024, 14:29
Оқиғалар
Қарағанды облысында жол апатынан бес адам қаза тапты
Тағы бір адам ауруханада жатыр
Фото: istockphoto.com
Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апаты болып, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгін, 3 мамыр күні Қарағанды-Балқаш тас жолында, Ақсу Аюлы кентіне жетпей «Рено» жүк көлігімен «Тойота» автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жол апаты салдарынан "Тойота" автокөлігінің жүргізушісі және оның 4 жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
