03.05.2024, 08:23
Оқиғалар
Екібастұзда жолдан өтпек болған жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
Автокөлік айып тұрағына қойылды
Фото: istockphoto.com
Екібастұзда жолдан өтпекші болған тұрғын ауруханадан бір-ақ шықты. Жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 сәуірде сағат 21:00-де М. Жүсіп көшесі бойында Toyota Estima автокөлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қақты.
«Жол апаты салдарынан әртүрлі жарақаттармен жаяу жүргінші Екібастұз қаласының ауруханасына жатқызылды. Тексеру жүргізіліп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады департамент.
Автокөлік айып тұрағына қойылды.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді