02.05.2024, 10:42
Оқиғалар
«Салтанат үшін өмір бойына сотталсын». Адвокат Бишімбаевтың сотына келгендердің киіміне шүйлікті
Оның сөзінше, бұл жазулар алқабилердің ойына әсер етуі мүмкін
видеодан скриншот
Бүгін елорданың ауданаралық сотында Бишімбаев ісіне қатысты сот процесі жалғасты. Қорғаушы тараптың адвокаты Ерлан Ғазымжанов «Салтанат үшін өмір бойына сотталсын» (За Салтанат, пожизненно) деген жазуы бар майка киген адамдарды сот залынан шығарып жіберуді сұрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оның сөзінше, бұл жазулар алқабилердің ойына әсер етуі мүмкін.
Судья Айжан Құлбаева адвокаттың өтінішін қабылдаудан бас тартты.
«Сот процеске қатысушылардан басқа азаматтарға қандай киім киіп келу керек екеніне қатысты талап қоя алмайды», - деді судья.
Көп оқылған
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге қарызы бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
23.11.2026, 23:47
Ақтөбелік әйел қытайлық күйеу жігітін алдап 30 миллион теңге мен алтын алған: полиция істі тоқтатты
23.11.2026, 13:08
«Көз жасымды ұстай алмадым»: анасын іздеген белгиялық Жәнібек туған шешесінің хатын алған
23.11.2026, 15:20
Қызылодада мас ер адам қыздарды қорғаған жас жігітті пышақтап тастады
23.11.2026, 18:45
Домбыраны өз бетінше үйренген чилилік Мария Аргентина Муниос
