Қытайда жол опырылып, 36 адам көз жұмды

Темірхан Айжан

Апат салдарынан тағы 30 адам ауруханаға түсті 

Қытайда жол опырылып, 36 адам көз жұмды
Фото: CNN

Қытайдың Гуандун провинциясында тас жол опырылып, кем дегенде 36 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy CNN-ге сілтеме жасай отырып.

Сәрсенбі күні сағат түнгі 2.10 шамасында толассыз жаңған нөсер жаңбырдан кейін Мэйчжоу-Дабу тас жолының бір бөлігі опырылып, құлаған. Синьхуа мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлағандай, 184 шаршы метрден асатын автокөлік жолы жарамсыз болып қалды.

Гуандун провинциясының билігі шамамен 500 құтқарушыны жұмылдырған. Апаттан 30 адам жарақат алып, ауруханаға түскен, құтқару жұмыстары кезінде 23 көлік табылды.

Гуандун - 127 миллион халқы бар экономикалық орталық. Сәуірде Қытайдың оңтүстігіне жаңбыр көп жауып, су тасқыны болған, салдарынан 110 мыңнан астам адамды эвакуациялдауға тура келді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.