30.04.2024, 17:21
Оқиғалар
Өскеменде мас әйел танымайтын адамның көлігін айдап кеткен
27 жастағы қала тұрғыны ұсталды
Фото: Polisia.kz / видеодан скриншот
Өскеменде мас әйел өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үлбі полиция бөліміне облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны жақын танымайтын қыздың оның Toyota Progres көлігін заңсыз иемденіп, белгісіз бағытқа кетіп қалғанын айтып, жүгінген.
Жүргізушіні тәртіп сақшылары ізін суытпай ұстады.
«Камералардың көмегімен полиция қызметкерлері көліктің бағытын анықтады. Патрульдік полиция экипажының қызметкерлері оның ізіне түсіп, көлік жүргізушісін ұстады. Көлік тізгінінде орташа дәрежедегі масаң күйдегі 27 жастағы қала тұрғыны болды. Ұсталған әйел қылмыс жасағанын мойындады», - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Көп оқылған
15.08.2026, 13:50
Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласының әрекеті мен 20 млн теңгеге қатысты дау туралы айтты
15.08.2026, 07:22
15 тамызда ауа райы қандай болады
15.08.2026, 17:10
Маңғыстауда жалған неке арқылы 50 млн теңге жымқырған подполковник 6 жылға сотталды
15.08.2026, 06:17
Атырауда 8 магнит жұтып қойған тоғыз жасар қызға шұғыл ота жасалды
15.08.2026, 12:04
Қазақ вальсінің королі: бүгін Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл толды