Өскеменде мас күйдегі әйел өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен
Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті заңсыз иемдену фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Өскеменде мас күйдегі әйел өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жүргізушіні ізін суытпай ұстаған тәртіп сақшылары алысқа кетуіне мүмкіндік бермеді. Таңғы сағат 5:00-де Үлбі полиция бөліміне облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны жақын танымайтын қыздың оның Toyota Progres көлігін заңсыз иемденіп, белгісіз бағытқа кетіп қалғаны туралы өтінішпен жүгінген.
Камералардың көмегімен полиция қызметкерлері көліктің бағытын анықтаған. Ұстауға жіберілген патрульдік полиция экипажының қызметкерлері оның ізіне түсіп, көлік жүргізушісін ұстады.
Оның тізгінінде орташа дәрежедегі масаң күйдегі 27 жастағы қала тұрғыны болған. Қылмыс үстінде ұсталған әйел қылмыс жасағанын мойындаған.
Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті заңсыз иемдену фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.