Маңғыстауда есірткіні тығып кететін әйел 10 жылға сотталды
Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түрмеде өтейді

Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Ақтауда есірткі заттарын қойып кетіп жүрген әйел адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Тергеушілер азамат М. өткен жылдың қыркүйегінде «Telegram» мессенджерінде «Мұхаммед аға (Muha)» бүркеншік есімді адаммен байланысқанын анықтады.
Хат алмасу барысында «Muha» оған Ақтауда психотроптық заттарды тарату туралы ұсыныс айтқан. М. бір ай бойы есірткі сатады, ал 2023 жылдың 11 қазанында оны 26-шағын аудандағы үйлердің бірінен Есірткіге қарсы күрес департаментінің қызметкерлері қолға түсірген.
Тінту кезінде одан жалпы салмағы 12 грамнан асатын 17 мефедрон тәркіленді.
Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 29 наурыздағы үкімі бойынша азамат М. ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген есірткі қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылды, оған 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотталған адам жазасын орташа қауіпсіздіктегі түрмеде өтейді.