30.04.2024, 14:33
Оқиғалар
«Есігі жабылып қалған»: Қызылордада құтқарушылар көлік ішінде қамалып қалған қызды шығарып алды
Оқиға қаладағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласында болған
Видео: ҚР ТЖМ
Қызылорда көпқабатты тұрғын үйдің ауласында көлікке қамалып қалған екі жасар қыз бала құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 30 сәуірде қаладағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласында болған.
«Оқиға орнына 4 құтқарушы шығып, арнайы жабдықтың көмегімен машинаның есігін ашып берді. Көлікте қамалып қалған 2022 жылы туған кішкентай қыз аман-есен құтқарылды», - деп хабарлады ТЖМ.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды