28.04.2024, 20:11
Оқиғалар
Ақтөбеде қоқыс полигоны өртенді
Қазір бықсып жатқан қоқысты құммен жабу жұмыстары жүргізілуде
Фото: istockphoto.com
Ақтөбеде былтыр ғана қолданысқа берілген жаңа қоқыс полигонынан өрт шықты. Бұл туралы Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сенбіліктерден кейін қабылданған қоқыс өртенді. Өрттің шығу уақыты - 15:45. Қазіргі таңда Төтенше жағдайлар департаменті мен «АТК қызмет» ЖШС және қаланың коммуналдық қызметтері сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», - делінген әкімдіктің хабарламасында.
Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі қызыл жалынды ауыздықтауға өрт сөндіру бөлімдерінен 20 қызметкер мен 4 бірлік және
«ATK QYZMET» ЖШС 12 адам және 10 техника жұмылдырылды. Қазір бықсып жатқан қоқысты құммен жабу жұмыстары жүргізілуде.
Көп оқылған
22.08.2026, 12:31
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 20:29
23 тамызда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
22.08.2026, 14:03
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
22.08.2026, 06:13
Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды