24.04.2024, 17:55
Оқиғалар
«Кәмпит беремін»: Балқашта ер адам балаларды алдап, өз үйіне шақырған
Күдікті ер адам ұсталды
Фото: istockphoto.com
Балқаштағы үй аулаларының бірінде ер адам балаларға кәмпит беремін деп, оларды үйіне шақырған. Полиция күдіктіні іздеп тапты, ол көп жыл бойы нейропсихиатриялық диспансерде есепте тұрған болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.
Оқиға 18 сәуірде болған. ekaraganda.kz дерегінше, сол күні аулада жүрген қыздардың бірі анасына біртүрлі ер адам туралы айтқан. Әйел бірден полицейлерді шақырады.
Құқық қорғау органдары 41 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол ұзақ уақыт бойы психоневрологиялық диспансердің есебінде болған. Ер адам денсаулығына байланысты емделуге жіберілді.
Бұрын оның мұндай мінез-құлығын ешкім байқамаған.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 12:13
Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды
16.10.2026, 14:48
Ақтауда балабақша қызметкерінің туберкулезден қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды