$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында қыз зорлаған күдікті қасақана өрт қойған

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

Түркістан облысында қыз зорлаған күдікті қасақана өрт қойған
Фото: istockphoto.com

Әлеуметтік желіде Түркістан облысындағы ауылда жасөспірім қызды құрдасы зорлағаннан кейін өрт қойғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған дейін полиция кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын жасөспірім қызды зорлады деген күдікпен ұсталғаны туралы хабарланған болатын.

Құқық қорғау органдары Төлеби ауданындағы кентте болған өрт туралы пікір білдірді.

«Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталады. Полиция қызметкерлері күдіктілерді ізін суытпай ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Серіктес жаңалықтары