«Бортта неше адам болғаны белгісіз»: Аляскада өзенге ұшақ құлады

Аягөз Құрмаш

Оқиға орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр

«Бортта неше адам болғаны белгісіз»: Аляскада өзенге ұшақ құлады
Фото: unsplash

Аляска штатының Фэрбанкс қаласындағы өзенге Douglas DC-4 ұшағы құлады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жергілікті шенеуніктердің айтуынша, төтенше жағдайлар қызметі Фэрбанкстегі Танана өзенінің маңында ұшақтың құлаған жерінде құтқару жұмыстарын жүргізген.

Синьхуа хабарлағандай, Аляскадағы көлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық кеңестің басшысы Клинт Джонсон Fairbanks халықаралық әуежайынан ұшып шыққан ұшақ көп ұзамай таңғы сағат 10:30 шамасында апатқа ұшырағанын жеткізді.

«Ұшақ құлаған кезде Douglas DC-4 бортында қанша адам болғаны белгісіз», - деді ол.

Әуежай өкілі халықты апат аймағынан аулақ болуға шақырды.

Апат болған жерге Аляска штатының полицейлері, жергілікті, штаттық және федералды агенттіктер де келді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.