23.04.2024, 15:04
Оқиғалар
Алматыда полиция көлігі мопед жүргізушісін соғып кетті
Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ
видеодан скриншот
Алматының қақ ортасында полицияның патрульдік көлігі мопед жүргізушісін соғып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оқиғаның видеосы egov.press telegram арнасында пайда болды. Дереккөзге сүйенсек, жол апаты Жетісу ауданында болған.
«Полиция патрулінің экипажы шұғыл шақыртуға бару үшін жолдың ортасында бұрылған. Басқа көліктер полицияға жол берген, алайда, мопед жүргізушісі қоғамдық көлік жүретін жолға түсіп алып, заң ережелерін елемей, патрульдік машинамен соғылған. Мопед жүргізушісі медициналық көмектен бас тартты», - деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
08.11.2026, 21:44
Әкесі қызын ернінен сүйген: Өскеменде елді дүрліктірген видеоға қатысты тексеру басталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды