Астанада халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

28 жастағы Өзбекстан азаматы кісі өлтіргені үшін іздеуде болған

Астанада халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Фото: polisia.kz

Астанада полиция халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бөгет» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Астана қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады. Өзбекстан Республикасының 28 жастағы азаматы кісі өлтіргені үшін іздеуде болған. Қылмыскерді іздестіру бастамашысы – Өзбекстан Республикасы Сурхандария облысының ІІБ.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Еске сала кетсек, елорда аумағында 11 сәуір мен 11 мамыр аралығында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың діни экстремизм мен терроризм жасауына қарсы іс-қимыл жасау мақсатында «Бөгет» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.